Мектептің тарихы
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылының
«№5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
№5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі – біздің аудандағы ең көне мектептердің бірі. Оның тарихы 1900 жылдан бастау алады. Осы жылдар ішінде мектеп өзінің ерекше ғұмырын кешіп, бай дәстүрлерін сақтай отырып, өз тарихының шежіресін жазды.
Биыл біздің мектеп 123 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Мұның бәрі алғашқы ұстаз Панкратова Елизавета Алексеевнадан басталды. Мектептің дамуына өз үлесін қосқан ол бүкіл өмірі мен мейірімін балаларға арнады.
Ол кезде білім ордасы жеті жылдық болатын, мектепте 6 сынып бөлмесі ғана бар еді. 1938 жылы мектепке Максим Горький есімі берілді. 1969 жылға дейін мектепте қайта құру жұмыстары жүргізілді.
Әр жылдары мектеп директоры болып Павлухин, Моманов, Мейснер, Степанов, Радчук, Чубарова М.И., Смолякова, Шегай, Павлов С.И., Гутовский Е.П., Дашкевич, Нигай Н.Г., Бойко В.Ф., Остояч П.И., Тлеубердиев Б., Бабенко Т.М., Ким С.Н., Кинжаев А.И., Сейдалиев К.К., Абдуллаева Э. Н. қызмет атқарды.
1938 жылы білім ордасы орта мектеп мәртебесіне ие болды.
Сұрапыл соғыс біздің ауылды да айналып өткен жоқ. 1941 жылдан бастап мектептің даңқын асырған кезең басталды. Мұғалімдер мен оқушылар мектеп партасынан майданға аттанды. «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі» демекші, олардың есімдері естелік кітаптарына жазылды: Рачек, Михаил Степанов, Вуйко Владимир Иванович, Конский Дмитрий Макарович.
Соғыс аяқталды, бірақ соғыстан кейінгі жылдар да оңай болған жоқ. Көбісі майданнан оралмады. Есеңгіреген ел есін жия бастады. Балалар көп жұмыс істеуге, ересектерге көмектесуге мәжбүр болды. Соғыстан кейін мектеп қалпына келтірілді.
Жыл сайын 9 мамырда біздің мектептің оқушылары қан майданда қаза болған сарбаздарды еске алу үшін ескерткішке гүл шоқтарын қояды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары әскери даңқ дәстүрлерін мұқият сақтайды және бұған 1971 жылы ашылған Жас офицерлер аллеясы дәлел бола алады. Аталған ескерткішке мектебіміздің бұрынғы шәкірттері - Кеңес армиясының офицерлері жас үйеңкілер отырғызды.
1971 жылы мектеп ұжымы әскери-патриоттық жұмыс бойынша Бүкілодақтық байқауға қатысты. Қол жеткізген жетістіктері үшін М.Горький атындағы орта мектеп ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
1971 жылы 27 қарашада мектепте өлкетану мұражайы салтанатты түрде ашылды. Ал 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан мектеп түлектеріне арналған Даңқ обелискі ашылды.
1969 жылға дейін 28 шығарылым өтіп, 79 түлек мектепті медальдармен бітірді.
1969 жылы 620 орындық жаңа ғимарат салынды. Мектеп ерекше келбетке еніп, көркейе түсті. Білім ордасы 44 сыныпта білім алатын 1600 оқушыға есік ашты. Кабинеттер жоспарлы түрде безендіріліп, жабдықталды, сыныптардың келбеті өзгерді. Мектептегі өмір қызу жүріп жатты: байқаулар, іс-шаралар, жарыстар. Әрқашан да М.Горький мектебі тек биіктерден көріне білді. Біз мұны мақтан тұтамыз!
1969 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта жалпы орта білім берудің 81 шығарылымы өтті.
2002 жылы білім ордасының 100 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді.
Мектеп бар ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған өзінің ардақты ұстаздарын мақтан тұтады. 2006 жылдан бастап олардың құрметіне атаулы кабинеттер ашылды: Р.А.Садықов-математика кабинеті; В.Ф.Бойко – тарих кабинеті; Б.А.Наметов – АӘД кабинеті.
Біздің мектептің жетістіктері орасан зор:
2007 жылы мектепте алғашқы онлайн сынып ашылды. Мектебіміз ҚР Президенті өткізген «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» интерактивті сабағына Қазақстанның 1000 мектебінің қатарында қатысты.
2012 жылы ҚР орта білім берудің 44 ұйымының ішінде мектеп «e-learning» электрондық оқыту жүйесінің пилоттық жобасына енгізілді. Электрондық оқыту сымсыз Wi-Fi желісін, дербес компьютерлерді, ноутбуктерді, моноблоктарды, интерактивті және мультимедиялық проекторларды, цифрлық подиумды, JOY-сыныпты орналастыру инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді.
2012 жылы Сайрам аудандық білім беру бөлімі тарапынан білім беру қызметі құқығына лицензия берілді, мектебіміз «№5 М.Горький атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп атала бастады.
2012 жылы мектеп мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.
2020 жылы оқушылар контингентінің ұлғаюына байланысты 300 орындық жаңа корпус, спортзал, асхана және кітапхана салынды.
2007 жылдан 2022 жылға дейін 32 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.
Мектепте оқушылардың өзін-өзі басқару нысандары – «Мектеп Парламенті», «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. Сонымен қатар мемлекеттік–қоғамдық басқару нысандары - жалпы жиналыс, педагогикалық кеңес, ата-аналар комитеті, қамқоршылар кеңесі, алдын алу кеңесі жұмыс жасайды.
Білім алушыларға қосымша білім беру үшін барлық жағдай жасалған. Осы мақсатта мектебімізде би студиясы, спорт секциялары, тілдік және пәндік үйірмелер жұмыс жасайды.
Мектеп өзінің дарынды оқушылары мен түлектерін мақтан тұтады. Олардың арасында дәрігерлер, мұғалімдер, ұйым басшылары, қаржыгерлер, журналистер, мемлекеттік қызметкерлер бар. ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мектебіміздің түлегі болып табылады.
«№5 М.Горький атындағы ЖОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - Сайрам ауданындағы өзіндік тарихы мен дәстүрі қалыптасқан, оң келбетке ие, табысты білім ордасы.
Жылдар өтеді, басшылар өзгереді, ал мектеп тек ажарлана түсуде. Қазіргі уақытта мектепте 212 қызметкер еңбек етеді, оның 171-і мұғалім, ал білім алушылардың саны -2100.
2019 жылдан бастап мектепті Пазаев Х.М. басқарып келеді.
Түлектердің 80%-дан астамы жоғары оқу орындарына түседі.
Мектебіміз негізгі міндет – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдыларына ие және қоршаған ортада бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушының жеке басының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру мәселесін сәтті шешіп келеді.